Жүк көлігін 43 жастағы ер адам басқарған
Талдықорғанда жүк көлігі үш жасар баланы басып кетіп, мерт болды, - деп хабарлайды облыстық полиция департаменті.
Ведомство мәліметінше, Аталған факті 3 мамырда Көктал шағын ауданында болды. Онда 3 жасар бала ГАЗ-53 жүк көлігінің астына түсіп, оқиға орнында қайтыс болды.
«Жүк көлігін 43 жастағы ер адам басқарған. ЖКО-ның мән-жайын қалалық полиция қызметкерлері анықтап жатыр. Сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Көлік арнайы тұраққа қойылды», делінген Жетісу облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарламасында.