БҰҰ қос тарапты келісімге шақырып отыр
Алдымен Палестина Израиль аумағына зымыран ұшырып, содан кейін бірден елдің оңтүстіктегі қалаларында дабыл қағылған.
Палестина тарапы ракеталарды Израиль түрмесінде Кадер Аднан есімді саяси тұтқынның қазасы үшін кек алу мақсатында жіберген көрінеді. Бұл шабуылдан кейін Израиль ұшақтары да Газа аумағындағы қару шығаратын нысандар мен Хамас тобының жаттығу лагерлеріне соққы берді.
Айта кетсек, соңғы уақытта Израиль мен Палестина арасындағы қақтығыс жиілеп кеткен. Қазір БҰҰ қос тарапты зорлық-зомбылықты тоқтатып, келісім жүргізуге шақырып отыр.