Halyq Uni логотип
×

Ақмола облысында табиғатты ластаған 71 кәсіпорынға 30 млн-ға жуық айыппұл салынды

Өңірде зиянды шығарындыларымен экологияға әсер ететін 100-ден аса ірі кәсіпорын тіркелген

 Динара Амантай 03.05.2023 | 10:56
Ақмола облысында табиғатты ластаған 71 кәсіпорынға 30 млн-ға жуық айыппұл салынды
Фото: Halyq Uni

Экология және табиғи ресурстар министрі Зүлфия Сүлейменованың Степногорск қаласында өткен Ақмола облысының тұрғындарымен және коммерциялық емес ұйымдарының өкілдерімен кездесуі барысында өңірдегі экология мәселелері мен оны сақтау және жақсарту шаралары талқыланды, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Жалпы облыс бойынша ластаушы заттар шығарындыларының нақты көлемі өткен жылмен салыстырғанда биылдың бірінші тоқсанында 2,4% төмендеді. Бұл табиғатты қорғау іс-шараларын іске асыру есебінен қол жеткізілді (2022 жылы – 36,2 мың тонна, 2023 жылы – 35,3 мың тонна). Ақмола облысы бойынша экопроблемаларды шешу бойынша Жол картасында 30 іс-шара көзделген, оның 3-еуі (3 жел электр станциясының құрылысы) орындалды.

Айта кету керек, өңірде зиянды шығарындыларымен экологияға әсер ететін 100-ден аса ірі кәсіпорын тіркелген. Сонымен қатар, министрлік тарапынан экологиялық заңнаманың сақталуына тұрақты мониторинг және бақылау жүргізіледі. Мәселен, биыл бірінші тоқсанда шаруашылық жүргізуші субъектілерге 53 тексеру жүргізілді. Бұл ретте 147 бұзушылық анықталып, оларға нұсқама берілді. Олардың 73-і бойынша жалпы сомасы 27,8 млн теңге әкімшілік айыппұл салынды.

Сондай-ақ жергілікті тұрғындар санкцияланбаған полигондардың көбеюі, әсіресе Астанаға жақын жерде алаңдаушылық туғызады. Космомониторингтің көмегімен биыл өңірде 830 рұқсат етілмеген қалдықтарды орналастыру орны анықталып, оның 88%-ы (733 полигон) жойылды. Осыны ескере отырып, Ақмола облысында сұрыптау желілері бар 7 ҚТҚ полигонын салу (Щучинск, Ақкөл қалалары мен Қорғалжын ауылы, Қосшы қаласы, Қоянды, Аршалы кенттері, Зеренді ауылы) жоспарланып отыр. Олар бойынша техникалық-экономикалық негіздемені әзірлеу жұмыстары аяқталды.

Целиноград ауданында құрылыс қалдықтарын қайта өңдеу негізінде құрылыс материалдарын өндіру бойынша цех салу жоспарланған.

Бұған дейін министрлік жергілікті атқарушы органдарға коммуналдық қалдықтарды басқару бағдарламасын әзірлеп, бекітуді ұсынған болатын.

Кәріздік тазарту құрылыстары бойынша бүгінде проблемалық мәселелер бар. Өйткені олардың Көкшетау және Степногорск қалаларында тозуы 90%-ды құрайды және күрделі жөндеуді немесе толық ауыстыруды талап етеді. Бұл тазарту құрылыстарын жаңғырту Ақмола облысының экологиялық проблемаларын кешенді шешу бойынша Жол картасын әзірлеу кезінде ескерілді және облыс әкімдігінің бақылауында.

Кездесу барысында жергілікті тұрғындар сумен қамтамасыз ету, орман, балық шаруашылығы және басқа да мәселелерге тоқталып, оларға бейінді ведомство басшысынан жауап алды.

Іс-шара соңында З.Сүлейменова жергілікті және республикалық БАҚ өкілдері үшін азаматтарды жеке қабылдады және брифинг өткізді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама