Байқауға 500 жұмыс үміткер ретінде ұсынылды
Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен жарыққа шыққан «Бесік жыры» қысқаметражды анимациялық фильмі Испанияның астанасы – Мадридте өткен кинофестивальде «Ең үздік қысқаметражды анимациялық фильм» жүлдесін жеңіп алды.
MADFA Madrid Film Awards – 2023 халықаралық байқауына 1 500 анимациялық жұмыс үміткер ретінде ұсынылды. Мадрид киножүлдесі MADFA (MFA) IMDb ресми конкурсына кіреді.
Мәдениет және спорт министрі Асхат Ораловтың айтуынша, қазақстандық анимациялық фильмнің халықаралық байқаудың бас жүлдесін иеленгенін отандық анимация саласының оң бағытта дамып келе жатқанының көрсеткіші деп санауға болады.
Мәдениет және спорт министрлігі 2030 жылға дейін жалпы прокаттағы қазақстандық фильмдердің, оның ішінде анимациялық фильмдердің үлесін 35%-ға дейін арттыруды жоспарлап отыр. Ол үшін жыл сайын кемінде 10 анимациялық жоба жасалатын болады. Өткен жылы елімізде алғаш рет «Қазақанимация» шығармашылық бірлестігі құрылды. Аталған ұйым отандық анимация мамандарының шеберлігін шыңдап, анимациялық жобаларды шығаруға қолдау көрсетеді.