×

167 мың азамат жүргізуші куәлігін онлайн ауыстырды (ВИДЕО)

Құжат 10-15 минутта автоматты түрде шығарылады

 Дастан Жұмабекұлы 03.05.2023 | 08:15
фото: ашық дереккөз

Ішкі істер министрлігі кейбір халыққа көрсетілетін қызметтерді тез арада алу үшін онлайн қызметін пайдалануды ұсынды. Жақында ведомство смартфон арқылы қосылған онлайн-қызметті 7 миллионнан аса азамат пайдаланды. Оның ішінде 167 мың адам жүргізуші куәлігін ауыстырды.

Онлайн қызмет көрсетудің бұл түрі қағазбастылықтан арылтуға және ХҚКО-лардағы кезектерді азайтуға мүмкіндік берді. Сондай-ақ ІІМ жүргізуші куәліктерінің қолданылу мерзімі өтуге жақындаған кезде оларды уақтылы ауыстыру қажеттігі туралы еске салатын SMS және push-хабарламаларды жіберу сервисін енгізді.

Бұған дейін  ХҚКО-ға қолданылу мерзімі өтіп кеткен жүргізуші куәліктерін ауыстыру үшін 400 мыңға жуық азамат баратын еді. Енді жүргізуші куәлігін онлайн режимде екінші деңгейлі банктердің мобильді қосымшалары арқылы ауыстыруға болады. Жүргізуші куәлігін жаңарту үшін осындай қосымшалардың біріне кіріп, биометриялық тексеруден өтіп, өз смартфоныңызға суретке түсу жеткілікті. Өтінім ІІМ дерекқорында өңделгеннен кейін жаңа жүргізуші куәлігі 10-15 минут ішінде автоматты түрде шығарылады.

Азамат ХҚКО-дан жаңа құжатты өзіне ыңғайлы кез келген уақытта ала алады. Ал автокөлікті смартфондағы «цифрлық» жүргізуші куәлігімен бірден жүргізе беруге болады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама