Атырауда бір ай бұрын жоғалған 16 жастағы қыздың мәйіті табылды

Халық үні

Кәмелетке толмаған баланың денесі табылғаны туралы атасы Амангелді Қазбеков хабарлады

Фото: 24.kz

Атырауда 6 сәуірде із-түзсіз жоғалған 16 жастағы қыздың мүрдесі табылды.

Кәмелетке толмаған баланың денесі табылғаны туралы атасы Амангелді Қазбеков әлеуметтік желіде жазды.

«Менің немерем Әсемайым табылды. Ертең сағат 10-да намазын шығару ұйғарылды», -деген Амангелді Қазбеков.

Бұған дейін хабарланғандай, Атырауда жасөспірім 6 сәуірде үйінен шығып кетіп, кейін оралмаған. Облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің құтқарушылары оны іздеуге 7 сәуірде кірісті.

Кейін қыз баланың жоғалуына қатысты туралы жаңа мәліметтер белгілі болды.

«Соңғы бейнебақылау камерасынан Әсемайдың тек көпірге көтеріліп бара жатқаны көрінді. Сол жағадағы бір тұрғын үйдің камерасын қарауға үмітіміз болды. Алайда үй иесі 3 күн үйінде болмаған еді. Үй иесі аңшылыққа кеткен екен. Кейін оның келгенін білдік. Әсемайдың әкесі сол үйдің камерасын қарап шықты. Өкінішке орай камерадан Әсемай қызымыздың көпірден секіріп кеткені көрінген», - деп хабарлады жергілікті белсенді Сандуғаш Кукенова.