×

ШҚО-да қайғылы жағдай болды: студент пен оқушы көз жұмды

ШҚО Білім басқармасы оқушы мен студенттің өлімін растады

 Халық үні 03.05.2023 | 00:55
ашық дереккөзден

Шығыс Қазақстан облысында алтыншы сынып оқушысы мен колледж студенті белгісіз жағдайда көз жұмған, деп хабарлады YK-news.kz.

Әлеуметтік желіде Риддер қаласындағы мектепте оқитын алтыншы сынып оқушысы мен Алтай қаласындағы колледж студентінің өзіне қол салғаны туралы ақпарат тарады. Бұл ақпаратқа Шығыс Қазақстан облысы Білім басқармасы пікір білдірді.

«Кәмелет жасына толмағандардың өлімін растаймыз. Бұл студент пен алтыншы сынып оқушысы. Оқиға оқу процесі кезінде болмаған, демалыс күндері балалар үйлерінде болған кезде болған. Өздеріне қол салды ма, жоқ па оны полиция анықтайды», — деді ШҚО Білім басқармасы басшысының орынбасары Алима Ақылбек.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама