Мағзұм Мырзағалиев президент кеңесшісі қызметінен босатылды
Енді ол «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясын басқарады
Мағзұм Мырзағалиев 2022 жылғы қаңтарда президент кеңесшісі болып тағайындалған. Бұған дейін ол экология министрі, кейін энергетика министрі қызметінде 4 ай қызмет еткен болатын.
Ал бүгін Мырзағалиев «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясының басшысы болып тағайындалды.
МАҒЗҰМ МЫРЗАҒАЛИЕВ
1978 жылы 7 қарашада Алматыда дүниеге келген. 1999 жылы «Тұран» университетін Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Халықаралық қатынастар саласындағы дипломатиялық академиясында оқыды. Есенов атындағы Каспий мемлекеттік технологиялар және инжиниринг университетінде білім алған.
Еңбек өтілін Теңіз кен орындарында және Батыс Сібірде бұрғылау ерітінділері жөніндегі инженер болып бастады, АҚШ пен Малайзияда тағылымдамадан өтті. 2004-2007 жылдары MI Drilling Fluids International Ақтау филиалының өндіріс жөніндегі менеджері - басшысы болып жұмыс істеді. 2010 жылға дейін «ТеңізСервис» ЖШС бас директоры болып қызмет етті.
2010-2012 жылдары – «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ сервистік жобалар жөніндегі басқарушы директоры, кейіннен «ҚазМұнайГаз» АҚ инновациялық даму және сервистік жобалар жөніндегі басқарма төрағасының орынбасары лауазымын атқарды. 2013 жылдың қазан айынан бастап мұнай және газ вице-министрі, 2014 жылдың тамыз айынан бастап Энергетика вице-министрі болды.
2013-2014 жылдары – Мұнай газ вице-министрі;
2014-2019 жылдар – Энергетика вице-министрі;
2019-2021 жылдары – Экология, геология және табиғи ресурстар министрі;
2021-2022 жылдары – Энергетика министрі.
2022 жылғы қаңтардан бері президент кеңесшісі болып қызмет етті.