Halyq Uni логотип
×

Алматылықтарды кене шағып жатыр

Одан қорғанудың ең тиімді жолы – вакцина алу

 Дәурен Ерболат 02.05.2023 | 14:50
Алматылықтарды кене шағып жатыр
Фото: almalife.kz

Бүгінде Алматыда 400-ге жуық адамды кене шаққан. Бұл туралы қаланың бас санитар дәрігері Қасымхан Алпысбайұлы айтты, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Биыл эпидемиялық маусым басталғалы бері қаладағы медициналық ұйымдарға кене шаққан 356 адам жеткізілді. Оның ішінде балалар – 187 (52,5%). Бұл – өткен жылмен салыстырғанда 1,5 есе аз. Зардап шеккендердің бәріне кенеге қарсы иммуноглобулин екпесі салынып, медициналық көмек дер кезінде көрсетілді, - деді Қасымхан Алпысбайұлы өңірлік коммуникация қызметінде өткен баспасөз мәслихатында.

Оның айтуынша, кене энцефалитінен қорғанудың ең тиімді жолы – оған қарсы вакцина алу.

Қалада екпелерді тұрғылықты жері бойынша емханаларда тегін алуға болады. Алайда дәрігердің кеңесі керек. Вакцинация курсы 1-7 ай аралығында жүргізіледі, 2 рет екпе алу қажет. Ол жыл бойы жүргізіледі. Бірінші және екінші екпе арасындағы ең оңтайлы аралық – 5-7 ай (күз-қыс айлары), - деді дәрігер.

Алматының бас санитар дәрігері ревакцинация жылына бір рет жүргізілетінін атап өтті. Кене энцефалитіне қарсы екпені 3 жастан асқан балалар мен ересектерге алуға болады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама