Глейзерлер отбасы «МЮ» командасына 6 млрд фунт стерлинг жұмсауды жоспарлап отыр
Катардағы ең ірі банктердің бірі – Qatar Islamic Bank (QIB) президенті шейх Жасим бен Хамад әл Тани «Манчестер Юнайтед» клубының 100 пайыз акциясын сатып алуға ресми өтініш берді.
Bloomberg агенттігінің хабарлауынша, Катар шейхі клуб үшін 5 млрд фунт стерлинг (6,3 млрд доллар) ұсынуға дайын.
QIB президенті «Манчестер юнайтед» клубына барлық жағдай жасауға дайын. Футбол клубын сатып алуға тағы бір үміткер – сэр Джим Рэтклифф та өтініш білдірген, – делінген материалда.
Қазір «Манчестер юнайтед» үшін ұсынылып отырған рекордтық ақша сомасына қарамастан, Глейзерлер отбасы «МЮ» клубын сатып алу үшін 6 миллиард фунт стерлинг жұмсауды жоспарлап отыр.