Қазір Самарқанд облысының Үргут ауданында жасы 100-ден асқан 6 зиялы қауым өкілі тұрады
Өзбекстанның Самарқанд облысының Үргут ауданында тұратын «Шұхрат» орденінің иегері, 122 жастағы У. Олимова референдумда дауыс берді.
№985 сайлау учаскесіне бара алмағандықтан, оның өтініші бойынша комиссия мүшелері дауыс беруді кейуананың үйінде ұйымдастырды.
Үргут аудандық әкімшілігі ақпарат қызметінің мәліметіне қарағанда, қазір ауданда жасы 100-ден асқан 6 зиялы қауым өкілі тұрады. Олардың бәрі өз үйлерінде «Өзбекстан Республикасының Конституциясы туралы» Өзбекстан Республикасының Конституциялық заңының жобасы бойынша жалпыхалықтық референдумда дауыс берді.