Halyq Uni логотип
×

Өзбекстанда 122 жастағы кейуана референдумда дауыс берді

Қазір Самарқанд облысының Үргут ауданында жасы 100-ден асқан 6 зиялы қауым өкілі тұрады

 Дастан Жұмабекұлы 02.05.2023 | 11:41
Өзбекстанда 122 жастағы кейуана референдумда дауыс берді
фото: uza.uz

Өзбекстанның Самарқанд облысының Үргут ауданында тұратын «Шұхрат» орденінің иегері, 122 жастағы У. Олимова референдумда дауыс берді.

№985 сайлау учаскесіне бара алмағандықтан, оның өтініші бойынша комиссия мүшелері дауыс беруді кейуананың үйінде ұйымдастырды. 

Үргут аудандық әкімшілігі ақпарат қызметінің мәліметіне қарағанда, қазір ауданда жасы 100-ден асқан 6 зиялы қауым өкілі тұрады. Олардың бәрі өз үйлерінде «Өзбекстан Республикасының Конституциясы туралы» Өзбекстан Республикасының Конституциялық заңының жобасы бойынша жалпыхалықтық референдумда дауыс берді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама