Орталық Азия елдері шекара дауын шешуді талқылады
Қырғызстан, Тәжікстан мен Өзбекстанның делегациялары кездесті
Өзбекстан, Қырғызстан және Тәжікстанның үкіметтік делегациялары мемлекеттік шекараның түйіспелерін анықтау мәселелерін талқылады.
Бұл туралы Қырғызстан президенті әкімшілігінің ақпараттық саясат қызметі хабарлады.
Ақпаратқа сәйкес, 25-29 сәуірде Баткентте өткен келіссөздер барысында тараптар 3 елдің мемлекеттік шекараларының қиылысу нүктесін анықтау мәселесі бойынша пікір алмасты.
Басқосу қорытындысы бойынша, тараптар келесі келіссөздерді Тәжікстанда жалғастыруға келісті.