Ақмола облысында полиция департаментінің лауазымды тұлғалары ұсталды
Оларға лауазымдық өкілеттігін асыра пайдаланды деген айып тағылып отыр
Ұлттық қауіпсіздік комитеті мен Ішкі істер министрлігінің бірлескен арнайы операциясы барысында лауазымдық өкілеттігін асыра пайдаланған Ақмола облысы полиция департаментінің бірқатар қызметкері ұсталды.
Ақмола облысы ПД криминалдық полиция басқармасының бастығы және осы басқарманың қылмыстық топтармен айналысатын бөлімінің аға жедел уәкілі қолға түсті. Оларға материалдық пайда алу мақсатында лауазымдық өкілеттігін асыра пайдаланды деген айып тағылып отыр.
Тінту барысында ұсталған лауазымды тұлғалардан тергеліп жатқан іске қатысы бар ақша алынды. Күдіктілерге қатысты күзетпен ұстау бұлтартпау шарасы таңдалды. ҚР Қылмыстық кодексінің 361-бабының 2-1-бөлігі, 362-бабының 4-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.