×

Ақтөбе облысында газ өңдеу зауытынан өрт шықты

Зардап шеккендердің жағдайы тұрақты ауыр

 Халық үні 02.05.2023 | 08:49
Фото: Ақтөбе облысы әкімдігі

Ақтөбе облысы Жаңажол кен орнындағы №2 газ өңдеу зауытынан өрт шықты, деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметі.

1 мамыр сағат 15:55 шамасында «СНПС-Ақтөбемұнайгаз» АҚ №2 газ өңдеу зауытының аумағында УПЛУ-1 (жеңіл көмірсутектер алу қондырғысы) өртенді.

«Күйік шалған 4 жұмысшы тез арада Темір ауданы орталық ауруханасына жатқызылды. Зардап шеккендердің жағдайы тұрақты ауыр», - делінген хабарламада.

Ақтөбе облысының әкімі Ералы Тоғжановтың тапсырмасымен облыстық ТЖД өкілдері оқиға орнын әуеден тексерді. Өрт сөндіру бойынша жедел штаб құрылды. Қызыл жалынды сөндіруге 52 құтқарушы мен 9 техника жұмылдырылды.

Оқиғаның себеп-салдары анықталады.

Өрт 2 мамыр таңғы сағат 06.20-да толықтай сөндірілді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама