×

Сарыағаш-Шымкент тас жолында жол апатынан 3 адам қаза тапты

Тағы төрт жолаушы жараланды

фото: Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

Түркістан облысында автобус пен жеңіл көлік соқтығысты. Жол апатынан 3 адам қаза тауып, 4 адам жарақат алды.

Жол апаты Сарыағаш-Шымкент тас жолында болған. Полиция қызметкерлері анықтағанындай, сағат 19:00 шамасында 30-ға жуық жолаушысы бар Yutong маркалы автобус Шымкентке бара жатқанда, қозғалыс жолағына қарсы беттен шыққан Audi 100 маркалы автокөлігі келіп соққан.

Жол апаты салдарынан Audi 100 автокөлігінің жүргізушісі мен көліктегі 2 жолаушы оқиға орнында көз жұмған. Автобустағы 4 жолаушы түрлі жарақат алып, аудандық ауруханаға жеткізілген.

Қазір оқиғаның мән-жайы мен қайтыс болғандардың жеке-басы анықталып жатыр. 

Серіктес жаңалықтары

Сараптама

Бүгін ауа райы қандай болады?

Түркістан облысының таулы аудандарында шығыстан жел соғады
28.05.2023 | 00:00

Елена Рыбакина маңызды мәлімдеме жасады

Барымды салсам, кез келген қарсыласты жеңе аламын, дейді ол
27.05.2023 | 22:42

«Ер адамның дене пішіні әйелге ұқсап бара жатыр»: дәрігер пластик бөтелкеден су ішудің салдары барын ескертті

Пластик құрамындағы бисфенол тағам, су арқылы ағзаға өтіп, ксеноэстроген гормонына айналады
27.05.2023 | 21:37

Солтүстік Қазақстанда малшы найзағай түсіп қайтыс болды

Қайғылы жағдай болған 25 мамыр күні ол мал бағып жүрген
27.05.2023 | 20:52