×

Астанада химия пәні бойынша Халықаралық 57-ші Менделеев олимпиадасы басталды

Білім додасына 20-дан аса елден келген оқушылар қатысады

 Динара Амантай 01.05.2023 | 13:23
Фото: phonoteka.org

Елордада 1-6 мамыр аралығында мектеп оқушыларының химия пәні бойынша Халықаралық 57-ші Менделеев олимпиадасы өтеді, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Оқу-ағарту министрлігі баспасөз қызметінің мәліметінше, олимпиадаға 20-дан аса елден келген оқушылар қатысады. Оның ішінде Ресей, Австрия, Сауд Арабиясы, Армения, Израиль, Өзбекстан және басқа да мемлекеттерден қатысушылар бар. Команда құрамалары бұған дейінгі ұлттық химия олимпиадаларының нәтижесінде анықталып, іріктелген. Біздің еліміздің намысын бұл додада 15 оқушы қорғайтын болады.

Балалар арасындағы химиядан Халықаралық Менделеев олимпиадасы біздің елімізде осымен төртінші рет өткізіліп жатыр. Бұл жылы негізгі іс шаралар Астанада өтеді. Атап айтқанда, оқушылар өз білімдерін техникалық жабдықталуы олимпиада талаптарына сай келетін Nazarbayev University лабораториялары мен аудиторияларында сынға салатын болады, – деді «Дарын» РНПЦ директоры Гаждембек Тұрсұнов.

Олимпиада 6 күнге созылады және 3 кезеңнен тұрады: екеуі теориялық және біреуі тәжірибе жүзінде. Бірінші кезең тапсырмалары күрделілігі бойынша арнайыландырылған химия сыныптарының бағдарламасына сәйкес келеді. Екінші кезеңде қатысушыларға химияның 5 бөлімі бойынша жоғарырақ деңгейдегі тапсырмалар беріледі: органикалық, органикалық емес, аналитика және физикалық химия, сондай-ақ, тірілер туралы ғылым. Бес сағаттық тәжірибелік кезең оқушылардың химиялық зертханаларда жұмыс жасау дағдысын сарапқа салады: заттардың химиялық сараптамасын жүргізу және ұсынылған әдістеме бойынша синтез жасау.

Олимпиада ұйымдастырушылары ретінде қабылдаушы тараптан Оқу-ағарту министрлігі, Ресей тарапынан М. В. Ломоносов атындағы ММУ-нің химия факультеті мен Андрей Мельниченко атындағы қор.

Олимпиада қорытындысы бойынша қатысушыларға сертификаттар мен естелік сыйлықтар, жеңімпаздар мен жүлдегерлерге дәрежелері бойынша дипломдар мен медальдар табысталды. Абсолютті жеңімпазға жарысты ұйымдастырушылар тағайындаған академик Валерий Лунин атындағы сыйақы тапсырылады.

Атап өту керек, олимпиаданың ашылу мен жабылу салтанаты Youtube арнасындағы ресми парақшаларда тікелей эфирде жүргізіледі.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама