Шымкентте белгілі адвокат жоғалып кетті
Ер адамның туыстары полицияға арыз түсіріп, еріктілерді іздеу шараларына тартқан
Ер адам туыстарымен соңғы рет 24 сәуірде сөйлескен. Әріптестері де оның қайда екенін білмейді.
«Менің әкем жоғалып кетті, соңғы рет бір апта бұрын сөйлестік.Адвокат болып жұмыс істейді, есімі Үсетов Бақыт Сейілханұлы, 1970 жылы 30 қарашада туған. Әріптестері де іздеп жатыр. Байланысқа шықпайды, телефоны өшірулі», — деп хабарлады адвокаттың қызы.
Ер адамның туыстары полицияға арыз түсіріп, еріктілерді іздеу шараларына тартқан.