Азия чемпионатында қазақстандық парадзюдошылар бір-бірімен алтынға таласты
Олар 90 келі салмақ дәрежесінде күш сынасты
Астанада өткен Азия чемпионатының көру қабілеті төмен J2 ойыншыларының арасында 90 келі салмақ дәрежесінде финалға екі қазақстандық шықты.
Нәтижесінде Қазақстан екі жүлдеге ие болды. Жанбота Аманжол алтын медаль иеленсе, Ғалымжан Смағұлұлына күміс бұйырды.
Осы салмақ дәрежесінде Отабек Ирисбеков (Өзбекстан) және Кумар Сунил (Үндістан) қола жүлдегерлер атанды.
Айта кетсек, бұған дейін 57 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде қазақстандық Альфия Тілекқабыл жеңімпаз атанған болатын.