Еліміздің кей өңірлерінде үсік күтіледі
Республиканың басым бөлігінде ауа райы тұрақсыз болады
Еліміздің бірнеше өңірінде түнгі уақытта 1-7 градусқа дейін үсік күтіледі, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.
Қазгидрометтің хабарлауынша, еліміздің басым бөлігінде атмосфералық фронтальды бөлімдердің өтуімен ауа райының тұрақсыз сипаты күтіледі : жаңбыр жауады, найзағай ойнайды, түнде солтүстікте, орталықта, шығыста жауын-шашын жаңбыр мен қар түрінде болады, оңтүстік-шығыстың таулы аймақтарында кейде бұршақ жауады.
Республика бойынша желдің күшеюі болып, тұман күтіледі; оңтүстік өңірлерде шаңды дауылдар болады.
Кезең соңында Солтүстік антициклонның енуімен Қазақстанның басым бөлігінде температураның төмендеуіне әкеледі. Солтүстікте, солтүстік-батыста, орталықта түнгі уақытта 1-7 градусқа дейін үсік күтіледі, шығыста 1-10 аязға дейін төмендейді.