Түркістан облысында ер адам ойын алаңында жүрген қыз баланы ұрып-соғып, зорламақ болған
Оқиға болған сәтте түсірілген бейнежазба арқылы күдіктінің жеке басы белгілі болды
Түркістан облысының Кентау қаласы полицейлері жасөспірімді ұрған ер адамды анықтады, деп хабарлады polisia.kz.
26.сәуірде Кентау қалалық полиция бөліміне ауруханадан жасөспірім қыздың дене жарақатымен түскені туралы хабарлама келді.
Тексеру барысында, сағат 20:30 шамасында аулада ойнап жүрген қызды белгісіз біреу себепсіз ұрғаны анықталды. Оқиға болған сәтте түсірілген бейнежазба арқылы күдіктінің жеке басы белгілі болды. Ер адам полиция бөліміне жеткізілді. Ол бұрын сотты болған жергілікті тұрғын болып шықты.
Аталған жайт ҚР ҚК-нің 293-бабы 1-бөлігі «Бұзақылық» бойынша тіркелді.
Қазіргі уақытта қылмыстық құқықбұзушылық ҚР ҚК-нің 24-бабының 3-бөлігі, 120-бабының 4-бөлігі бойынша қайта сараланды. Күдікті қамауға алынды. Оқиғаның толық мән-жайы анықталуда.
Бірқатар сараптамалар тағайындалды. Жәбірленушінің жағдайы бірқалыпты.
Қылмыстық іс Түркістан облысы ПД басшылығының бақылауында.