Алматы облысында ерлі-зайыптылар жоғалып кетті
1993 жылғы Шәкіров Нұрмұхамбет пен 1998 жылғы Алмек Алима 5 наурызда жоғалып кеткен. Күндізгі уақыт 15:00-де олар Жамбыл ауылындағы үйлерінен шығып, қайтып оралмаған.
Алматы облысы Жамбыл ауданында жас ерлі-зайыптылар із-түзсіз жоғалды, екі айдан бері іздестіріліп жатыр.
Іздеу туралы ақпаратты еріктілер Instagram-дағы парақшасында жариялады. 1993 жылғы Шәкіров Нұрмұхамбет пен 1998 жылғы Алмек Алима 5 наурызда жоғалып кеткен. Күндізгі уақыт 15:00-де олар Жамбыл ауылындағы үйлерінен шығып, қайтып оралмаған.
Жоғалған адамдарды көрген-білгендер болса, +7 701 375 92 91, +7 700 305 05 25 немесе 102 нөміріне хабарласуды сұрайды.