Halyq Uni логотип
×

Серік Күдебаевтың елден қашуы бойынша іс бөлек қаралатын болды

Күдебаевтың шетелге бой тасалуы бойынша іс бөлек қаралады

 Халық үні 28.04.2023 | 19:50
Серік Күдебаевтың елден қашуы бойынша іс бөлек қаралатын болды
фото: Т.me/kozachkow

Алматы облысы полиция департаментінің бұрынғы басшысы Серік Күдебаевқа қатысты бүгінгі сот үкімі қаңтар оқиғасына қатысты іс аясында ғана шығарылды. Күдебаевтың шетелге бой тасалуы бойынша іс бөлек қаралады. Бұл туралы Жетісу облысы прокуратурасының қызметкері мәлімдеді, деп хабарлайды nur.kz.

Алматы облысы полиция департаментің бұрынғы басшысына шығарылған үкімге байланысты пікір білдірген Жетісу облысы прокуратурасы бастығының орынбасары Саян Дүйсебаев Күдебаевтың елден қашу ісі жеке қаралатынын атап өтті.

«Бұл істің қаралған қылмыстық іске еш қатысы жоқ. Ол бөлек тергелетін болады», - деді қадағалау органының қызметкері.

Айта кетейік, бүгін соттың үкімімен Алматы облысы полиция департаментінің экс-бастығы 10 жылға бас бостандығынан айырылды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама