Қазақстандықтар шілдеде неше күн демалады?
Үкімет Астана күніне байланысты қаулы қабылдады
Үкімет Елорда күніне орай демалыс күнін ауыстыру туралы Қаулы қабылдады, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.
Жұмыс уақытын ұтымды пайдалану мақсатында Үкімет тиісті қаулы қабылдап, биылғы 1 шілде, сенбідегі демалыс күнін 7 шілдеге, жұма күніне ауыстырды. Осылайша, бес күндік жұмыс аптасында қазақстандықтар Астана күніне 6, 7, 8 және 9 шілдеде, яғни төрт күн қатарынан демалады. Сенбі, 1 шілде жұмыс күні болады.
Демалыс күнін ауыстыру жұмыс істейтін қазақстандықтар үшін мереке күндері уақыттарын алдын ала жоспарлауға мүмкіндік береді.