Қайғылы жағдай Қостанай облысында болған
Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин ата-аналардан балаларын үйде жалғыз қалдырмауды сұрады, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.
Кеше Қостанай облысында қайғылы оқиға тіркелді. Отбасы тұрмысы төмендердің тізімінде болмаған. Алайда ана 2020 жылы туған бүлдіршіндерін үйде қараусыз қалдырған. Ол электр пешін қосулы қалдырып кеткен. Соның салдарынан сымдардың қысқа тұйықталуы болып, үй өртенген. Өкінішке қарай, 5 шаршы метрде балалар ыстан уланып, көз жұмды, - деді министр.
Осыған байланысты Юрий Ильин ата-аналарға ескерту жасады.
Сондықтан барша ересектерге балалаларыңызды қараусыз қалдырмаңыздар деп ескерткім келеді. Оның салдарынан өрт, төтенше жағдай туындауы мүмкін, - деді басшы.