×

Ұлттық ұлан сарбаздары Павлодарда қашып жүрген қылмыскерлерді ұстады

Олар ізін суытпақ болған

 Дәурен Ерболат 28.04.2023 | 12:18
Фото: novate.ru

Павлодарда іздеуде жүрген күдіктерлер ұсталды. Бұл туралы ІІМ Ұлттық ұлан «Шығыс» өңірлік қолбасшылығы баспасөз қызметінің жетекшісі Бағдат Амангелді айтты, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

27  сәуірде кешкі сағат 20:15 шамасында Павлодар қаласындағы Ломов көшесі бойындағы үйлердің маңында №5512 әскери бөлімінің сақшыларын көрген адам олардан қаша жөнелген. Ұлттық ұлан сақшылары полицейлермен бірлесіп, күдіктіні ұстады», - деді Бағдат Амангелді.

Оның айтуынша, ұсталған ер адам Қылмыстық кодекстің 200-бабы 1-тармағы бойынша («Көлік құралын жымқыру») іздеуде жүрген.

Сондай-ақ ұландықтар сол күні тағы бір қылмыс жасап, қашып жүрген күдіктіні ұстаған.

«Кешкі сағат 21:35 шамасында Катаев көшесі бойындағы үйлердің маңында Ұлттық ұлан сақшыларын көрген ер адам ізін суытпақ болды. Ол ұсталды. Оның кім екенін анықтау барысында күдіктінің 188-бабы 1-тармағы бойынша («Ұрлық») іздеуде жүргені анықталды. Бұған дейін ол ұрлық жасағаны үшін 4 рет сотталған», - деді Ұлттық ұлан өкілі.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама