Тәркіленген заттай дәлелдемелердің мемлекет кірісіне айналдырылды
Ақтөбе облысында құрамында 10 адам - А.Әбубәкіров, З.Әміржанов, А.Дүймұханова, А.Бекназаров, Т.Ізбағанбетов, Ж.Еспамбетов, А.Матаюпов, Қ.Сағынтаев, А.Таржанов, Р.Шаграев бар ұйымдасқан қылмыстық топ жойылды.
ҰҚТ мүшелері «бақылаушы-менеджерлер» (оператор-кассирлерді бақылау) және «ойын терминалдарының бақылаушы-менеджерлері» (ақша қаражатын инкассациялау) болып «міндеттерін» бөліп алған.
Қылмыстық топ Ақтөбе облысының аумағында «Stavkabet.kz» букмекерлік кеңселер түрінде заңсыз 16 ойын мекемесін - электрондық казиноларды ұйымдастырған.
Тәркіленген заттай дәлелдемелердің мемлекет кірісіне айналдырылды. ҰҚТ-ның барлық мүшелері әртүрлі мерзімге бас бостандығынан айырылды.