×

Екібастұзда жылу желілерінің 119 жерден зақымданғаны анықталды

Әкімдік ыстық су беруді 10 маусымға дейін тоқтата тұрмақ

 Еркеғали Болатұлы 28.04.2023 | 10:21
фото: дереккөз

«Екібастұзтеплоэнерго» ЖШС тозығы жеткен жылу желілерін анықтайтын гидравликалық сынақтарға кірісті. Бұл туралы Павлодар облысы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.

Қазір жылу желілерінен 119 ақау табылған. Оның 25-іне жөндеу жұмыстары басталды. Өңір әкімі Асайын Байханов құбыр ауыстырылатын 4 учаскеде болып, жөндеу жұмыстарын жүргізуге жауапты Grappa-Stroy ЖШС базасына барды.

Мердігер материал мен жабдықтың жеткілікті екенін айтады. Қазір бір уақытта 25 бригада жұмыс істеп жатыр. Олардың айтуынша, жылу желілерін жөндеу жұмыстары 10 маусымда аяқталады.

Сапалы жұмыс істеу үшін ыстық су беруді 10 маусымға дейін қысқарта тұру туралы нақты жоспарымыз бар. Оны ұстану керек. Сондай-ақ алдағы жылыту маусымына үйлерді дайындау үшін жекеменшік пәтер иелері кооперативінің жұмысын бақылау қажет, - деді Асайын Байханов.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама