Еуропадан келетін дәрі-дәрмек Ресейді айналып жеткізіліп жатыр
Қазақстанда дәрі-дәрмек тапшылығы бар ма?
Наурыз айында Қазақстан тәуелсіз дәріханалар қауымдастығының жетекшісі Талғат Омаров Украинадағы соғысқа байланысты Батыс елдерінің Ресейге салған санкциясы салдарынан елімізде дәрі-дәрмектердің тапшылығы сезілуі мүмкін екенін айтқан болатын.
Ал, елде дәрі-дәрмекке қатысты қазіргі ахуал қалай?
Омаровтың айтуынша, дәрілердің Ресейден кешігіп жетуі бүгінге дейін байқалып келген. Осыдан бір апта бұрын дистрибьютерлер шетелден дәрі жеткізудің қиындап кеткенін айтып дабыл қаққан.
«Өткен аптада біз дәрі тасымалдау кешігіп жатқанын айтып мәселе көтердік. Осы аптада билік мәселені тез шешіп, қазір фармацевтика логистикасы жолға қойылды. Дәрі қайтадан уақытында жеткізіліп жатыр. Енді Украина секілді басқа Еуропа елдерінен дәрілер Ресейді айналып өтіп жеткізіліп жатыр», - дейді Талғат Омаров.