×

Серік Күдебаевтың тұтқындау кезінде түсірілген фотосы тарады

Күдебаевқа халықаралық іздеу жарияланғалы үш аптадан астам уақыт өткен соң ұсталды

 Халық үні 27.04.2023 | 22:55
фото: Т.me/kozachkow

Telegram желісінде Алматы қаласы мен Алматы облысы полиция департаменттерінің бұрынғы басшысы Серік Күдебаевты ұстау кезінде түсірілген болуы мүмкін сурет таралып жатыр. 

Желіде тараған суретте қолы кісенделген Күдебаевтың өзі және ҰҚК-нің екі қызметкері бейнеленген. Суретті белгілі қазақстандық журналист Михаил Козачков өзінің Telegram-арнасында жариялады.

Экс-полицейдің ұсталғаны және оның Түркиядан Қазақстанға жеткізілгені туралы ақпаратты бүгін Бас прокурор Берік Асылов растағанын еске саламыз.

Қазір Күдебаев уақытша ұстау изоляторында.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама