×

Назарбаев мектептері мен университетінің жұмысы бақылауға алынуы мүмкін

Құжатқа түзетуді депутаттар енгізіп жатыр

 Дәурен Ерболат 27.04.2023 | 17:55
Фото: alau.kz

Қазақстанда Назарбаев мектептері мен университетінің жұмысы бақылауға алынуы ықтимал. Бұл туралы депутат Асхат Аймағамбетов айтты, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Қоғамдық бақылау туралы заң жобасына Назарбаев зияткерлік мектептері мен Назарбев университетінің жұмысына қоғамдық бақылау орнату туралы нормалар енгізілуі мүмкін. Елімізде автономдық білім беру ұйымдары бар. Оның ішінде Назарбаев зияткерлік мектептері мен Назарбаев университеті осы мәселелерде заңмен қамтылуы керек деген түзету енгізіліп отыр. Оны жұмыс тобы қарайды, - деді Мәжілістің Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің төрағасы.

Асхат Аймағамбетов қоғамда сұрақ көп екенін, соның негізінде ұсыныс енгізілгенін атап өтті.

«Керек болса, қоғамдық бақылау орнатылады. Өйткені автономды білім орындары деген аты болғанмен, олар да бюджеттен қаржыландырылады. Депутаттар бюджеттен жұмсалған қаражаттың тиімділігі бойынша қоғамдық бақылау жүргізуге мүмкіндік беру керек деп отыр. Жұмыс тобы осының бәрін қарап, жақында нүктесін қойып, екінші оқылымға заңды әзірлейді», - деді депутат.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама