35 жастағы ер адам қылмысын мойындады
Қарағандыда алаяқ бір адамның жеке куәлігін ұрлап, сонымен өзіне 6 несие рәсімдеп алған.
Қарағанды қаласы полиция басқармасының Жаңа-Майқұдық полиция бөліміне 37 жастағы ер адам хабарласып, жеке куәлігін белгісіз біреудің ұрлап кеткенін айтқан. Осы құжатты пайдалана отырып, алаяқ қаладағы түрлі микронесие ұйымдардан 6 несие рәсімдеп үлгерген. Келтірілген шығын мөлшері анықталып жатыр.
Жедел-іздестіру іс-шарасы кезінде 35 жастағы ер адам ұсталды. Ол қылмысын мойындады.
Қазір оған қатысты Қылмыстық кодекстің 190-бабы («Алаяқтық») бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.