Halyq Uni логотип
×

Қарағандыда алаяқ жеке куәлікті ұрлап, алты несие алған

35 жастағы ер адам қылмысын мойындады

 Дастан Жұмабекұлы 27.04.2023 | 17:31
Қарағандыда алаяқ жеке куәлікті ұрлап, алты несие алған
фото: ашық дереккөз

Қарағандыда алаяқ бір адамның жеке куәлігін ұрлап, сонымен өзіне 6 несие рәсімдеп алған.

Қарағанды қаласы полиция басқармасының Жаңа-Майқұдық полиция бөліміне 37 жастағы ер адам хабарласып, жеке куәлігін белгісіз біреудің ұрлап кеткенін айтқан. Осы құжатты пайдалана отырып, алаяқ қаладағы түрлі микронесие ұйымдардан 6 несие рәсімдеп үлгерген. Келтірілген шығын мөлшері анықталып жатыр.

Жедел-іздестіру іс-шарасы кезінде 35 жастағы ер адам ұсталды. Ол қылмысын мойындады.

Қазір оған қатысты Қылмыстық кодекстің 190-бабы («Алаяқтық») бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама