Курчатов қаласы басқа облысқа ауысты

Дастан Жұмабекұлы

Бұл шаһар іс жүзінде Шығыс Қазақстан өңіріне бағынатын еді

фото: ашық дереккөз

Павлодар облысының мәслихаты жер қатынастары басқармасының басшысы Мұрат Хамитовтың Курчатов қаласын Абай облысына беру туралы ұсынысын қарап, оны бірауыздан қолдады.

Pavlodarnews.kz-тің хабарлауынша, Курчатов қаласы Павлодар облысына қараса да іс жүзінде Шығыс Қазақстан облысына бағынатын еді. Ал қазір ШҚО екіге бөлініп, Абай облысы құрылғаннан кейін қаланы заң жүзінде жаңа өңірдің құрамына ауыстырудың сәті түсті.

Павлодар облысы жер қатынастары басқармасының басшысы Мұрат Хамитовтың айтуынша, қаланың жалпы ауданы – 11 гектар. Курчатовтан облыстық бюджетке салық түспейді. Олар қала бюджетінде қалады. Бұл шешім Павлодар және Абай облыстарының шекараларын сәйкестендіруге мүмкіндік береді.