×

АҚШ бокс федерациясы IBA құрамынан шықты

Құрама штаттар «Әлемдік бокс» қауымдастығын құрып жатыр

 Дастан Жұмабекұлы 27.04.2023 | 15:01
фото: sport24.ru

АҚШ бокс федерациясы Халықаралық бокс қауымдастығының (IBA) құрамынан шығатыны туралы ескертухат жолдады.

Бұл шешімді Бокс федерациясының кеңесі бірауыздан қабылдаған. Хабарламада америкалықтардың Халықаралық бокс қауымдастығының олимпиадалық қозғалысты сыйламай, Париж Олимпиадасының іріктеу жүйесіне араласып жатқанын, ХОК талаптарына бағынбай отырғанын ескеріп, ұйымнан шығатыны туралы шешім қабылдағаны айтылған.  

Осы жағдайдан кейін АҚШ бокс федерациясы «Әлемдік бокс» қауымдастығыныің құрылғанын хабарлады. Бұл ұйымға Ұлыбритания да қосылуы мүмкін.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама