Азамат Дәулетбеков Поддубный лигасында жеңімпаз атанды
Жәмила Бақбергенова да ресейлік Ксения Бураковаға тізе бүктірді
Еркін күрестен Азияның екі дүркін чемпионы Азамат Дәулетбеков Алматыда өтіп жатқан Poddubny Wrestling League турнирінің жеңімпазы атанды.
Ол 86 келі салмақта ресейлік Арслан Багаевпен белдесіп, жеңіске жетті.
Поддубныйдың күрес лигасы (Poddubny Wrestling League) – әлемнің мықты спортшылары қатысатын және рекордты сыйлық қоры бар кәсіпқой балуандар лигасы. Бұл жарысқа ел намысын 72 келі салмақта әлем чемпионатының 2 мәрте күміс жүлдегері, Азия чемпионы Жәмила Бақбергенова, 86 келі салмақта Азия чемпионы, Қазақстанның 5 дүркін чемпионы, 2022 жылғы әлем чемпионатының қола жүлдегері Азамат Дәулетбеков пен 79 келі салмақта Азия чемпионы Болат Сақаев қорғап жатыр.
Жәмила Бақбергенова 75 келіге дейінгі салмақта ресейлік Ксения Бураковаға 6:5 есебімен тізе бүктірді.