Қос мемлекет виза беруді жеңілдету мәселесін талқылап жатыр
Қазақстандағы Қытай елшісі Чжан Сяо визасыз режимге қатысты пікір білдірді, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.
Бұған дейін «Ашық НҚА» порталында Қазақстан мен Қытай Үкіметтерінің визалық талаптардан өзара босату туралы келісім жобасы ашық талқылауға шығарылған болатын.
(Қазақстан мен Қытай виза беру тәртібін жеңілдетеді, – автор) деген әңгіме бар. (30 күн визасыз жүру, – автор) мемлекеттік деңгейде талқыланып жатыр, - деді Чжан Сяо ҚХА-ның XXXII cессиясынан соң.
Журналист елшіге «Жыл соңына дейін мәселе шешіле ме?» деп сұрағын нақтылап қайта қойды.
Солай болатынынан зор үмітіміз бар, - деп жауабын қысқа қайырды ол.
Айта кетейік, СІМ Қытай азаматтарының Қазақстанда визасыз 30 күн жүру мәселесі қаралып жатқанын хабарлаған еді.