Ол ел бірлігін нығайтуға үлес қосқан азаматтарға беріледі
Жаңа мемлекеттік награда – Қазақстан халқы Ассамблеясының орденін бекіту керек. Бұл туралы бүгін президент Қасым-Жомарт Тоқаев айтты, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі
Мемлекет басшысының пікірінше, еліміздегі үйлесімділік пен келісімді нығайтуға нақты ісімен өз үлесін қосқандарды жан-жақты қолдау керек.
Сондықтан Қазақстан халқы Ассамблеясының 2 сыйлығын тағайындауды ұсынамын. Біріншісі – әдебиет және журналистика саласындағы үздік еңбектері үшін. Екіншісі – мәдениет пен өнер саласындағы үздік туындылар үшін. Бұл сыйлықтарды жеке авторлар да, шығармашылық топтар да ала алатыны маңызды. Бұл ретте ақшалай сыйақының мөлшері мемлекеттік сыйлықтан кем болмауға тиіс, - деді мемлекет басшысы ҚХА-ның XXXII cессиясында.
Осыған байланысты Қасым-Жомарт Тоқаев жаңа мемлекеттік награданы тағайындауды ұсынды.
Жаңа мемлекеттік награда Қазақстан халқы Ассамблеясының «Ұлт бірлігін нығайту жолындағы жемісті еңбегі үшін» ордені бекітілуі керек. Алғашқы лауреат аталған наградаларды биыл қазанда – Республика күнінде тапсыруға болады.
Азаматтарымыздың елдегі бейбітшілік пен келісімді сақтауға қосқан үлесін мемлекеттік деңгейде мойындау жалпыұлттық бірлікті нығайтуға серпін береді деп сенемін», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.