Halyq Uni логотип
×

Алматыда жолдарды жөндеу енді аудан әкімдіктерінің мойнына жүктелді

Биыл жөндеу жұмыстарын жүргізуге 250 млн теңге бөлінген

 Динара Амантай 27.04.2023 | 11:25
Алматыда жолдарды жөндеу енді аудан әкімдіктерінің мойнына жүктелді
Фото: Halyq Uni

Алматыда енді аудан әкімдіктері жолды қайта жөндеуден өткізеді. Бұл туралы қала әкімі Ерболат Досаев Алатау ауданынының тұрғындарымен кездесу барысында айтты, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Оның айтуынша, барлық шағын аудандар бойынша 60 көшеде 23 мың шаршы метр жолды жөндеу жоспарланған. Сондай-ақ биыл жөндеу жұмыстарын жүргізуге 250 млн теңге бөлінген.

Жол инфрақұрылымын дамыту жұмыстары жалғасып келеді. Биылдан бастап жолды ағымдағы жөндеуді аудан әкімдіктері жүргізетін болады, - деді Ерболат Досаев.

Сонымен қатар қалалық мобилділік басқармасы мамыр айында 12 шағын ауданда ұзындығы 60 шақырым болатын 79 көшені қамтитын орташа жөндеуді бастауды жоспарлап отыр. Бұл жұмыс 2023 жылдың қараша айында аяқталады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама