Шымкентте жас келіншек өзімен бір үйде тұрған ер адамды пышақтап өлтірді
29 жастағы әйел полицияға өзі барып, адамды өлтіргенін айтқан
Шымкент қаласында 1994 жылы туған келіншек өзімен бір үйде тұрған ер адамды пышақтап өлтірді.
Otyrar.kz-тің хабарлауынша, 29 жастағы әйел полицияға ер адамды өлтіргенін бір күн өткен соң өзі айтқан. Тергеу кезінде белгілі болғандай, Отырар ауданының Әл-Фараби ауданында Төлеген Айбергенов көшесіндегі пәтерде бірге тұратын ер адам мен әйелдің арасында ұрыс-керіс болған. Ұрыс кезінде әйел ер адамның кеудесіне ас үй пышағын сұғып алған. 1992 жылы туған азамат сол жерде көз жұмған.
Қалалық полиция департаментінің мәліметінше, әйелге қатысты Қылмыстық кодексің 99-бабы («Кісі өлтіру») бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.