Оның магитудасы – 4,2
Алматыдан 550 шақырым қашықтықта жер сілкінісі тіркелді, деп хабарлады ТЖМ Сейсмологиялық тәжірибе-әдістеме экспедициясы.
Бүгін Алматы уақытымен сағат 13:53-те жер сілкінісі болды. Жерасты дүмпуінің ошағы Алматы қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 550 шақырым жерде, Қытайда орналасқан. Энергетикалық санаты – 10.1, MPV магнитудасы – 4.2, тереңдігі – 10 шақырым, - деп жазылған хабарламада.
МSК-64 бағаны бойынша жер сілкінісінің сезілгені туралы мәлімет жоқ.