«Жасыл даму» басшысы қызметінен кетті
Бұл лауазымға жуырда тағайындалған Жанат Саматқызы өз еркімен кетіпті
«Жасыл даму» АҚ басқарма төрайымы Жанат Саматқызы өз еркімен қызметінен кетті.
«Биыл 1 ақпанда «Жасыл даму» АҚ басқарма төрайымы лауазымына тағайындалған Жанат Саматқызы 12 сәуірде өз еркімен жұмыстан кетті», – деді экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі қоғаммен байланыс департаментінің директоры Олжас Беркінбаев.
ЖАНАТ САМАТҚЫЗЫ
1980 жылы Ақтау қаласында өмірге келген. 2001 жылы Есенов атындағы Ақтау университетін тәмамдаған. Экономика ғылымдарының кандидаты.
Еңбек жолын 2001 жылы салық комитеті Маңғыстау облысы бойынша ірі салық төлеушілерді талдау және мониторинг жүргізу бөлімінің бас салық инспекторы болып бастаған. Әр жылдары облыстық салық комитетінде келіспеушіліктер және кеңес беру бөлімінің, жеке тұлғаларды тексеру бөлімінің, жер қойнауын пайдаланушыларды тексеру бөлімінің бас салық инспекторы болып қызмет еткен.
Сондай-ақ Маңғыстау облысы кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы басшысының орынбасары, кейін «Каспий» ӘКК» ҰК» АҚ басқарма төрағасының орынбасары, Қызылордадағы «Байқоңыр» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» ҰК» АҚ басқарма төрағасы, экология, геология және табиғи ресурстар министрінің кеңесшісі лауазымдарын атқарған. 2020 жылдан 2022 жылға дейін экология министрлігі жанындағы «Қоршаған ортаны қорғау ақпараттық-талдау орталығы» ШЖҚ РМК бас директоры болған.