Елімізде 100-ден аса оқушы экологияны жақсартуды көздейтін жоба ұсынады
Байқау балаларды әлеуметтік жауапкершілікке тәрбиелейді
Елімізде 5-8 сынып оқушыларына арналған «ProEco»республикалық экологиялық жобалар байқауы басталды, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.
Оқу-ағарту министрлігінің мәліметінше, байқауға барлық өңірден 100-ден аса оқушы қатысады.
Конкурс ұйымдастырушыларының айтуынша, байқау оқушыларды әлеуметтік жауапкершілікке тәрбиелеп, экологиялық сауаттылықты арттырып, мәдениетті қалыптастыруға бағытталған.
Қатысушылар жұмыстарын төрт бағыт бойынша («Туған өлке табиғаты», «Мені қоршаған әлем – ғажайып әлем», «Үздік экологиялық бастама», «Таза қала сізден басталады») ұсынады. Ережеге сай жеңімпаздар мен жүлдегерлер жас ерекшеліктеріне қарай 5-6 және 7-8 сынып аралығында анықталатын болады, – деді «Дарын» РҒПО директоры Ғаждембек Тұрсынов.
Жеңімпаздар мен жүлдегерлер дипломдармен және грамоталармен марапатталады.