Министр Қазақстанда қандай адам бай болып саналатынын түсіндіре алмады
Ауқатты қазақстандықтарға қосымша салық салынады
Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров елімізде табысына қарай қандай адамды бай деп санауға болатынын айта алмады, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.
Мәжілістің жалпы отырысынан соң журналистер министрге Қазақстанда қандай адам бай болып саналатынын сұрады.
Бай адамға қатысты түсінік әртүрлі ғой. Ыбырай Алтынсарин қазақтардың байлығы еңбек пен қанағат деген болатын. Байлықты ақшамен өлшеу қиын, - деді Әлібек Қуантыров.
Министр жаңа Салық кодексінде байлық салығы басқаша аталатынын жеткізді.
Бұл салық қымбат тауарларға салынады. Халық оны байлық салығы дейді. Қымбат көліктерге, әуе паркіне, яхталарға, қымбат аң терісіне, зергерлік бұйымдарға, антиквариатқа осы салық салынады, - деді ведосмтво басшысы.
Бұған дейін премьер-министрдің орынбасары – Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев жаңа Салық кодексіне «бай адам» ұғымы енгізілуі мүмкін екенін жоққа шығармаған еді.
Еске сала кетсек, 2024 жылдан бастап ауқатты қазақстандықтарға байлық салығы салынуы мүмкін.