Бір адам қаза тапты
АҚШ-тың Иллинойс штатындағы мұнай өңдеу зауытында жарылыс болып, соның кесірінен 1 адам қаза тауып, тағы 1 адам зардап шекті.
NBC Chicago телеарнасының хабарлауынша, оқиға Лемонт қаласында Seneca Petroleum компаниясына тиесілі кәсіпорында болған.
Қазір зауыт аумағы толғымен қоршалып, жағдай бақылауға алынған. Оны сөндіруге қаланың барлық өрт сөндіру бөлімдері қатысты.