Штаттан тыс қызметкердің жалақысы 2 есе өседі
Айлық 1 шілдеден бастап 100 пайыз өседі
1 шілдеден бастап орман және табиғат қорғау мекемелері қызметкерлерінің жалақысы 100 пайыз өседі.
Сонымен бірге Экология және табиғи ресурстар министрлігі орман шаруашылығы қызметкерлерінің жұмыс берушілері және кәсіподақтарының өкілдерімен бірлесіп, 2025 жылға дейін қосалқы персонал мен табиғат қорғау ұйымдарының штаттан тыс қызметкерлерінің жалақысын 2 есе көбейту бойынша (2023 жылғы 1 шілдеден бастап 70%, 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап 85% және 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап 100%) шешім қабылдады.
Осылайша қаржы, ұйымдастыру және өндірістік-шаруашылық бөлімдері қызметкерлерінің, жүргізушілердің, тракторшылардың, өндірістік және әкімшілік үй-жайларды тазалаушылардың және орманды қалпына келтіру, орман қорғау және орман шаруашылығы жұмыстарымен айналысатын уақытша және маусымдық жұмысшылардың жалақылары өседі.
Жалақы көтеру мәселесі адамның денсаулығы мен өміріне зиян келтіру қаупімен байланысты жұмысшыларға, яғни мемлекеттік орман күзеті қызметі, табиғат қорғау мекемелерінің мемлекеттік инспекторлары және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мамандандырылған ұйымдардың инспекторларына тағайындалған болатын.