×

Түркия президенті Қазақстан өкілін мемлекеттік наградамен марапаттады

Төтенше жағдайлар бірінші вице-министрі Ибрагим Күлшімбаевқа да құрмет көрсетілді

 Дастан Жұмабекұлы 26.04.2023 | 11:00
фото: Төтенше жағдайлар министрлігі

Анкара қаласында Түркия Республикасының президенті Режеп-Тайып Ердоған жер сілкінісінің салдарын жою кезінде құтқару бөлімшелерін басқарған төтенше ведомстволардың өкілдерін марапаттады.

Төтенше жағдайлар министрлігінің хабарлауынша, марапатталған 80-нен аса елдің өкілдері арасында Қазақстаннан ведомствоның бірінші вице-министрі Ибрагим Күлшімбаев та болды. Ол жер сілкісіні салдарын жоюға көмек көрсеткені үшін медалімен наградталды. Мемлекеттік награданы Түркия Республикасының президенті Режеп Тайып Ердоған табыс етті.

Марапат үшін алғысымды білдіремін! Бауырлас түрік халқына тағы да көңіл айтамын. Өмірді құтқаруға қатысқан барша халыққа, құтқарушылар мен дипломатиялық корпусқа алғыс! Біз Түркия халқы жақын арада табиғи апаттың салдарын жеңеді деп сенеміз! –  деді Ибрагим Күлшімбаев.

Еске сала кетсек, Түркияның үш өңірінде іздестіру-құтқару жұмыстарын жүргізу басталғаннан бері Қазақстан ТЖМ құтқарушылары 7 адамды құтқарды. Қаза тапқан 88 адамның, оның ішінде 10 баланың денесі шығарылды. Қазақстан құтқарушылар қолмен, сондай-ақ инженерлік техниканы, авариялық-құтқару жабдықтарын, шанц аспаптарын тарта отырып, 250 мың текше метрден аса үйінділерді бөлшектеді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама