Боксшының қарсыласы – америкалық Джаред Андерсон
Кәсіпқой боксшы Жан Кособуцкийдің келесі қарсыласы анықталды. Ол жақын арада осы кезге дейін шаршы алаңда ешкімнен жеңілмеген америкалық Джаред Андерсонмен жекпе-жекке шығады.
Америкалық боксшының жасы – 23-те. Жан Кособуцкий – 34-те. Джаред Андерсон кәсіпқой рингке 13 рет шығып, бірде-бір рет жеңіліп көрмеген. Оның «Дәу балақай» деген лақап аты бар екен.
Белгілі америкалық журналист әрі инсайдер Майк Коппинджердің айтуынша, жекпе-жек 1 шілдеде АҚШ-тың Толедо қаласында өтеді. Бұл – Андерсонның туып-өсен қаласы. Ал Жан Кособуцкий – Арқалық қаласының тумасы. Әкесі Сергей Кособуцкий – боксшының жеке жаттықтырушысы.
Бұл айқас ESPN арнасы трансляциялайтын бокс кешінің басты жекпе-жегі болады.