Сиырлардан басқа, жылқылар, ұсақ малдар мен тасымалдаушылар да тексеріліп жатыр
Қостанай облысында 400 ірі қара малға бруцеллез диагнозы қойылды, деп хабарлады «Хабар 24» телеарнасы.
Облыстың 3 ауданында мал бағатын орындар дезинфекцияланып, бақылау жұмыстары жүргізіліп жатыр. Сиырлардан басқа, жылқылар, ұсақ малдар мен тасымалдаушылар да тексеріліп жатыр. Ал бруцеллез анықталған жануарлар санитарлық союға жіберіледі. Фермалар мен елді мекендердегі шектеулер ауру толық жойылғанша жалғасады.
Малды, жануарлардан алынатын өнімдерді, шикізатты әкетіп, әкелуге тыйым салынады. Сүт өнімдерін пастерлеуден кейін ғана әкету керек, тек екі рет теріс нәтижеден кейін бруцеллезге шектеу шаралары алынып тасталады. Бүгінде сауықтыру шаралары жалғасып жатыр, – деді ветеринария басқармасы басшысының орынбасары Айнагүл Көшубенова.