«Сәлеметсіз бе» дегенді қою керек»: Имам қазақстандықтарды дұрыс амандасуға шақырды
Әйелдер мен ерлер де осылай амандасады
Қазақстандық имам-ұстаз Қабылбек Әліпбайұлы мұсылман қауымын «сәлеметсіз бе» деп амандаспауға шақырды.
Айтуынша, барша жұртшылық бұл сөздің орнына «ассалаумағалейкум» сөзін қолдануы керек екен деп хабарлайды Arbat.media.
Имам Қазақстанда «сәлеметсіз бе» деп амандасудың кең тарағанын айтады. Әйелдер мен ерлер де осылай амандасады.
«Бұл сөз қайдан шыққан? Кеңес заманында «ассалям» сөзін аталарымыз «сәлем» деп қысқартқан. Себебі ол кезде бұл сөздерді ашық айтуға тыйым салынған еді. Осылайша билік «сәлеметсіз бе» қазақтың менталитетіндегі сөз деп ойлады. Бірақ, Аллаға шүкір, тәуелсіз мемлекет болып, дінімізді толық меңгеріп жатырмыз. Сондықтан «сәлеметсіз бе» дегенді қою керек. Бір-бірімізге «Ассалаумағалейкум, уағалейкумәссалям» деп амандасуымыз керек», – деді имам Қабылбек Әліпбайұлы.
Бүгінде бұл пікір көпшіліктің талқысына түсуде.